Шымкент қаласының әкімі Қаратау өңірінің тұрғындары алдында есеп берді. Бұл басшының шымкенттіктермен 15-ші кездесуі. Күн тәртібіне қойылған мәселелер көп, соның ішінде коммуналдық қызметтердің жұмысы бірінші орында тұр. Мұндай әкім есептері үнемі қызу талқылаумен өтеді. Себебі тұрғындардың кейбірі шенеуніктерді сынап келсе, тағы бірі арыз-шағымен жеткізеді, енді біреулері нақты шешімді талап етеді. Ал Мұрат Әйтенов айтылған мәселені […]