Қала әкімінің тұрғындармен көшпелі кездесуі Еңбекші ауданынан басталды. Еркін форматта өткен жиында тұрғындар жол, жарық, тазалық және инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Әсіресе мектепке баратын балалардың қауіпсіздігі мен жекеменшік желілердің жайы сөз болды. Тұрғындардың өтінішін тыңдаған қала әкімі жауапты мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді. Еңбекші ауданының тұрғындары кей көшелердің тым тар екенін айтып, мәселе көтерді. Әсіресе, мектеп […]