Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, мемлекеттік қызметшілер мен кітапханашылар қатысты. – «Ашық әкімдікке» көптеген адам келіп, өз мәселесі мен өтінішін айтады. Тек қызметтік емес, мәдени-рухани бағыттағы жұмыстарды жүргізуге де лайықталған орын болады деп ойлаймын. Бастаманы жүзеге асырған «Фараб» кітапханасы ұжымына алғысымды білдіремін. […]