АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен украиналық әскерилермен кездесті. Елдің жан-жағында соғыстан зардап шеккен аумақтардағы тұрғындармен және ұрыс жүргізіп жатқан сарбаздармен кездескен Блинкен АҚШ әрдайым Украинаны қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, сапар барысында ол Ресей алғаш басып кірген Чернигов облысына жасаған сапарында инженерлік-саперлік батальонмен де кездесті. Олар, Ресей әскері қалдырып кеткен миналарды тазартып жатыр. Айта кетейік, осы жолғы әскери көмек жиынтығында АҚШ Украинаға алғаш рет минадан тазартатын көлік беруді жоспарлап отыр.