АҚШ президенті Джо Байден мен оның жұбайы Джилл Байден жеке кірістері туралы декларация жариялады. Бұл құжатқа жүгінсек, ерлі-зайыпты Байдендер былтыр 580 мың доллар табыс тапқан. Соның 400 мыңы Ақ үй басшысының, 82 мыңы Вирджиния колледжінде ағылшын тілінен сабақ беретін әйелінің жалақысы. Кірістердің қалған бөлігі инвестициялық пайыздардан, зейнетақылардан, аннуитеттерден, әлеуметтік қамсыздандырудан және өзге де төлемдерден құралады. […]