АҚШ-тың Бас консулымен кездесу өтті

Түркістанға Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж кезекті рет жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдап, келіссөздер жүргізді. Кездесуде АҚШ консулы Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді. Адам құқығы, адам саудасы, су мәселесі, жаңа қуат көздерін пайдалану, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бойынша сұрақтарын қойып, тиісті мағлұмат алды. – Жылы қабылдауларыңызға рахмет. Тарихи шаһарда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Түркістандағы оң өзгерістерді көріп жүрміз. Әріптестікті нығайтып, түрлі салалар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Өткенде түркістандық студенттермен қызықты кездесулер өткізілді. Білімді, жігерлі жастар бар екен. Шет тілін білетін жастар өңірді дамытуға үлес қосады деп сенемін, – деді Кэролайн Сэвидж. Сәкен Қалқаманов Түркістан облысы құрылғаннан бастап өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жақсарғанына тоқталды. – 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы жылдар инвестиция көлемі артып, шет ел инвесторларымен әріптестік орнату бағытындағы жұмыс күшейе түсті. АҚШ мемлекеті тарапынан келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасауға, әріптестік орнатуға әрдайым дайынбыз, – деді ол. Кездесуде Түркістанның дамуына Орта Азия мемлекеттерінің әсері, жаңа қуат көздерін табу, су ресурсын үнемдеу, ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды қарастыру мәселелері сөз болды.

Читать источник turkistan.tv
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Апаттар медицинасы орталығы 3 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалды
Алматыда бірнеше аудан жылусыз қалды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды