Түркістан облысында екі блогер ақша бопсалады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Мәлімет бойынша, олар ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысқан. Олар осы аймақтағы бір мектеп директорын видеоға түсіріп, оны Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған. Мектеп басшысының іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін бейнежазбаны жою үшін блогерлер 100 000 теңге талап етіпті. […]