Шымкент-Самара тас жолында бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, ер адам құрылыста істейтін танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Сондай-ақ, күдікті оның «BMW» маркалы көлігін заңсыз иемденген. Қазір бұл жайт бойынша тергеу жүргізіліп оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. “Түркістан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент-Самара тас жолы бойында […]