Ұлымның денесін іздеймін. Бауыр еті баласынан қапыда айрылған Үндістан азаматы арнамыздан көмек сұрап келді. 26 шы маусым күні Ақсу өзеніне шомылуға барып, адуыны қатты ағыстың астында қалған қос бірдей шет елдік студент әлі күнге табылмаған. Бірінің жасы 22 де, екіншісі 24 жаста. Бұған дейін құтқарушылар үздіксіз іздеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Суға кеткен студенттердің ата-аналары ұлымызды тірідей, тым болмаған да денесін тауып берген жанға сыйақамыз бар дейді. БУПЕНДЕ ХИМАНЧУ – КУМАР ХИМАНЧУДЫҢ ӘКЕСІ - Кумар біздің жалғыз ұлымыз. Балам суға кеткен күннен бері әйелім де төсек тартып жатып қалды. Бұл отбасымыз үшін ауыр сынақ. Енді тым болмағанда ұлымның денесін отанына алып кетсем деймін. Егер оны көрген білгендер немесе мәйітін тауып алған жандар болса, өтініш бір хабарын беріңіздерші.