Түркістан облысының жастары да су басқан аймақтарға қолдау көрсетіп жатыр. Жергілікті жастар оңтүстік өңірінің барлық аудан, қалаласындағы жастар орталығында арнайы штаб ашып, көмек жинауды жалғастыруда. Олардың арасында апат аймағына барып қолдау көрсетіп жатқандар да бар. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың сөзінше бірінші жүк көлігі Ақтөбеге жеткізіліп, ерікті жастар зардап шеккендерге үлестіріп жатыр. […]