Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу» акциясын өткізуде. Полицейлер облыс тұрғындарына тіркелмеген қаруларды өткізіп, сыйақы алуға болатындығын жіті түсіндіруде. Нәтижесінде тәртіп сақшыларына 11 тәулік ішінде 61 азамат өз еріктерімен 87 дана отты атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 74-і тегіс ұңғылы болса, 13-і […]