Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі өзгерді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, көлік жүргізушілері 3 қазаннан бастап жол ақысын жаңа тарифпен төлейді. Баға айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі. Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады. «Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 тг […]