50-ге жуық қазақстандықты 40 млн теңгеге алдаған алаяқтар Шымкентте ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген. Сондай-ақ, күдіктілер белгілі бір схема арқылы қарыз сомасын бонустармен бірге шотқа екі апта ішінде қайтара алатынына сендірген. […]