Сенат депутаттары «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарды. Жоғары палата оған 100-ден астам түзету енгізді. Сенаторлар үш жылдық бюджеттің шығыстарын 71,8 млрд теңгеге арттыру қажет деп санайды. Негізгі бағыттар: елді мекендердің ішкі жолдары мен көпір салу және реконструкциялауға – 13,7 млрд теңге, соның ішінде 2023 жылға 7,8 млрд теңге; […]