Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатында Верный шыңына алғашқы болып шыққан Қазақстан құрама командасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді. Бүкіл маршруттың ұзындығы 1670 м, биіктік 910 м. Команда бағыт бойынша 6 түн арнайы платформада түнеді.