Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістанда әлем чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.  Бүгін облыстағы жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті Әбілсейіт Дүйсебаев түркістандық спортшыларды қабылдады. Ол жуырда Арменияда және Болгарияның София қаласында  жастар арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, алғыс білдірді. Жауынгерлік жекпе-жек түрлері көбіне олимпиада бағдарламасына кірмей қалып жатады. Бірақ, оның мәртебесін төмендетпеу керек. Осы бағытта Түркістан облысында осы спорт түрлеріне қолдау көрсетудің ауқымды бағдарламасы да жасалған. Әр қазақ баласы жекпе-жекке бүйірі бұрып тұратын болғандықтан, халықаралық аренадағы жетістіктерді бұдан да жақсарту маңызды. Мәселен, Бекнұр Қуандық енді дамып келе жатқан белбеу күресінен ел намысын қорғап жүр. Ал, Мадина Аман әйелдер күресінен әлем чемпионатында қоланы қанжығалады. Жартылай финалда қола үшін талас болған кезде бұрымды палуан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмаған.   Спортшыларға облыстың бірегей формасымен қатар құнды сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, бапкерлеріне де құрмет көрсетілді. Жауынгерлік өнер қауымдастығы қауымдастығы облыстық филиалының құрметті президенті, Түркістан облыстық Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің бастығы Әбілсейіт Дүйсебавтың айтуынша, жыл соңына дейін де бірнеше байрақты бәсекелерде жерлестеріміз бақ сынайды. Айта кетер болсақ, биыл 9 айда жерлестеріміз Әлем чемпионаттарында - 19 алтын, 24 күміс, 18 қола, Азия чемпионаттарында - 7 алтын, 5 күміс, 4 қола, ҚР чемпионаттарында -  59 алтын, 32 күміс, 51 қола медаль еншіледі.  

Читать источник turkistan.tv
Жаратылысы бөлек жан еді...
Маңғыстауда полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды