Әлемде қант бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұған Үндістанның экспортты шектеуі себеп. Ал үнді үкіметі ішкі нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу үшін осындай қадамға барған. Жаһандағы ең ірі экспорттаушылардың бірі 6 жылдан бері алғаш рет сыртқы сатылымды кідіртіп отыр. Яғни, қыркүйекке дейін мемлекет бар-жоғы 8 млн тоннасын сатуы тиіс еді. Алайда жасалған келісімдер қазірдің өзінде 7 млн-нан асқан. […]