Күні кеше әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир Түркістанға келді. Алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еткен ол рухани астанамыздың көрікті жерлерін аралады. «Керуен сарайға» барып, түркістандықтармен суретке түсті. Түркістан қаласы туралы алған әсерімен бөлісуді де ұмытпады. Алдағы уақытта Түркістанда мейрамхана ашу жаспарында бар екенін айтты. Ол әлеуметтік желіде ерекше алып тағамдар дайындаған бейнероликтерімен танымал болған. […]