Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қызметкерлер күні. Мерекеге орай қаладағы 17 әлеуметтік орталық қолөнер көрмесін ұйымдастырып, туындыларын ел назарына ұсынды. Іс-шарада арнаулы мекеменің қызмет алушылары ұсынған бұйымдар таныстырылып қана қоймай, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әжелері концерттік нөмір дайындады. Бұл — күн райының бұлтты болғанына қарамастан шымкенттіктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мың бұралған биімен […]