Елде қымбатшылық жалғасуда. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,4%-ға қымбаттаған. Әсіресе, пияз, қант, сәбіз, картоп, қарақұмық, макарон, ұн және қырыққабаттың бағалары өскен. Бұл туралы Үкімет басшысының қатысуымен өткен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кеңесте айтылды. Баға тұрақсыздығы Жетісу және Жамбыл, Алматы, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады. Мәселені […]