Түркістан облысында азық-түлік бағаларының тұрақтылығы басты назарда. Мемлекет басшысы елімізде бағалардың өсуіне бақылау жасауды және тұрақтандыру қорлары арқылы азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыруды тапсырған болатын. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, сатушылар шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15 (он бес) пайызынан асырмау тиіс. […]