Жоғары аудиторлық палата осы жылдың соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының барлық бөлімшесіне кешенді аудит жүргізеді. Палата төрағасы Наталья Годунованың айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берген. «Жоғары аудиторлық палата мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылдың соңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының барлық 20 бөлімшесіне кешенді аудит жүргізуге кіріседі. Бұл мәселенің әлеуметтік маңызы зор екені мәлім. Сол себепті […]