Әлихан Смайылов Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалармен танысты

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Керуен-сарай» кешеніне барып, инвесторлармен және өңірде жұмыс істеп жатқан туристік сала өкілдерімен кездесті.  Премьер-Министрге газ және күн электр станцияларының құрылысы, көмір-химия, мұнай-химия және күкірт қышқылы зауыттарын, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді мен цемент өндіретін химия кешенін, Өгем өзеніндегі ГЭС каскады бар су құбырын, жылыжай кешенін, бордақылау алаңын салу бойынша және т. б. жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды.  «Бұлардың барлығы да облыс үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы жоғары жобалар. Олар тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өнеркәсіп өнімдерінің көлемін едәуір арттырады. Облыс әкімдігі жобалардың уақытылы іске асырылуын ерекше бақылауға алып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.  Оның айтуынша, жаңа электр станцияларын іске қосу оңтүстік өңірдегі энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді, ал жаңа аграрлық нысандар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға ықпал ететін болады.  Өз кезегінде инвесторлар жобалармен жұмыс істеу кезінде туындаған бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды мұқият қарап, заңнама шеңберінде жәрдем көрсетуді тапсырды.  Сонымен қатар Премьер-Министрге өңірдің негізгі бағыттары тарихи-танымдық, қажылық, емдік-сауықтыру, эко және этнотуризм болып табылатын туристік саласының даму қарқыны туралы баяндалды. Атап айтқанда, Әлихан Смайыловқа «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің жобасы таныстырылды, онда күніне 4 мыңға жуық адам демалатын болады. Cондай-ақ ол туристермен жұмыс істеу үшін білікті кадрларды даярлау сапасына да назар аудару керектігін атап көрсетті. Премьер-Министр жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Читать источник turkistan.tv
Желіде Шерзат Болаттың ағасының соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
«Әкімдіктің шыршасына бейшара мұғалімдерді жұмсайды»: Семейдегі ұстаздың жары мән-жайды баяндады (ВИДЕО)
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды