Елорда прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің құмар ойындарына қатысуын анықтап, олардың қатысуына шектеуге бағытталған жаңа тәсілді енгізді. Талдау нәтижесінде 150 борышкердің өз балаларына 350 млн теңге қарыз бола отырып, құмар ойындарға қатысқаны анықталды. Ағымдағы жылы алимент қарызы 2,5 млн теңгені құраған борышкерлердің бірі букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңге жеке айналыммен құмар ойындарға қатысқан. […]