Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен 21 азаматқа қатысты балаларын күтіп-бағуға арналған міндеттемелерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) қылмыстық істер тіркелді. Мәселен, соңғы 4-жыл бойы борышкер Ж.Эргашев алимент бойынша міндеттерін орындамай, алимент төлеуден қасақана жалтарып 5 млн қарыз берешек сомасы қалыптасқан. Соттың үкімімен Ж.Эргашев ҚК 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осы секілді 65 […]