Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шымкент қаласының прокуратурасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысқан жиын алкогольді өнімдер сататын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына арналды. Атап айтқанда, алкогольді өнімдерді сату тәртібін, заң талаптарын сақтау мәселелері пысықталды. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының прокуроры Алмас Алтаев түсіндірді. «Алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР Заңнамасының […]