Президент Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысын бастауға рұқсат берді. Мемлекет басшысы Алматы әуежайы еліміз үшін маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті. Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен […]