Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді

Өткен тәулікте Алматыда 163 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 48 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған орай, Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады. «Ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамыз. Көбінесе бұл үндеу көлікті басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға үндейміз. Әдетте, ауа райының нашарлауы жалпы жол қозғалысы жағдайына әсер етеді. Біз автоәуесқойларды көліктерін қыс мезгіліне алдын ала дайындау керектігін, қысқы дөңгелектерге ауыстыру қажеттігін ескертеміз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және жолдардағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов. Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Алғашында полицейлер 1 адамның көз жұмып, 15 адамның зардап шеккені туралы мәлімдеген болатын. Кейін жарақат алғандар саны 17-ге артты. Соңғы мәлімет бойынша, медициналық көмекке 21 адам жүгінген, оның 9-ы ауруханаға жатқызылды.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды