Алматыдағы «Алтын Орда» базарын тексеру жұмыстары аяқталып қалды. Қазірдің өзінде салық заңнамасы бойынша өсімпұл есептелгенге дейінгі 1 млрд теңгенің салығы төленбеген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Ведомства өкілінің айтуынша, қазір Қазақстанда 114 сауда базары тексерілуде. «Алтын Ордаға» жүргізілген жедел тексеру жұмыстары аясында, көп заң бұзушылықтар анықталған. Салық салынатын базаны төмендетіп көрсету фактілері көп. […]