Қазақстанның оңтүстігінде үй тирандарының құрбандары дағдарыс орталықтарына жиі жүгіне бастады. Тек Шымкенттің өзінде осы жылы 700 адам көмек сұраған. Орталықта оларға толық құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетіледі. Кейіпкеріміз 10 жылдан астам уақыт бойы күйеуінен қорлық көріп келген екен. Бүгінгі сюжет кейіпкері Динара «алып қашу» құрбандарының бірі. Кезінде небәрі екі күн таныс болған жігіттің жары […]