Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донордың ағзасын алып, мұқтаж адамға салу отасы өтті. Трансплантация тараздық тұрғын, 6 баланың әкесі Дархан Оспановқа жасалды. Дәрігерлердің сөзінше науқасқа 18 жасар жігіттің бүйрегін қондыру отасы сәтті өткен. Жол апатынан кейін комаға түсіп, қайтыс болған 18 жасар жігіттің бүйрегін тараздық тұрғын Дархан Оспановқа салды. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалған трансплантациялық […]