«AMANAT» партиясының мобильді тобы Шымкенттің іргесіндегі Бозарық-2 елдімекенінде көшпелі қабылдау өткізді. Егемен Қазақстан көшесінің тұрғындары мүмкіндікті пайдаланып, жол, жарықтандыру, балалар ойын алаңшасын салу мәселелері туралы өтініштерін партиялықтарға жеткізді. 15 мың халқы бар Бозарық елдімекені саяжай мәртебесінен шағынаудан болғалы тұрмыстары жақсара бастады. 2000 жылдан бері ауыз судан қиындық көрген тұрғындар бүгінде сапалы тіршілік нәрімен толық қамтылған. […]