Шымкент қалалық прокуратура перзентханаларда «ана мен бала» дәрі қобдишасын беру заңдылығына талдау жұмыстарын жүргізді (жаңа туған нәрестелерге ана мен баланың дәрі қобдишасын беру босандыру ұйымдарынан шығару кезінде жүзеге асырылады). Талдау нәтижесінде үш мыңға жуық жаңа туған нәрестелерге перзентханалардан шығару кезінде қажетті дәрі қобдишасы берілмегені анықталды. Қадағалау актісі негізінде 2763 нәрестенің аналары дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілді, […]