Антикор ағымдағы жылы бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мақсатта Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер учаскелерін бизнеске бөлудің ашықтығы, олардың қолжетімділігі, сондай-ақ оларға инфрақұрылымды жеткізу және желілерге қосылу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне […]