Ағымдағы жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеме жасады. Зауыт жұмысшыларымен кездескен Светлана Жақыпова әлеуметтік қолдау шарасы Мемлекет басшысының былтыр қыркүйекте берген нақты тапсырмасы аясында жүзеге асқанын айтты. Ал ел бойынша 37 мың адам арнаулы […]