Түркістан облысында балаларды спорт пен шығармашылыққа баулып жүрген кәсіпкерлерге мемлекет 1 миллиардтан аса қарыз болып қалды. Балаларға арналған спорт пен шығармашылықты қаржыландыру мәселесі бойынша ArtSport бағдарламасы тығырыққа тірелді. Түркістан облысында спорт, мәдениет және өнер салаларында мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын үйірмелер 4 айдың қаржысын ала алмай отыр. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығынға батқан кәсіпкерлердің өтінішімен осы мәселе бойынша арнайы жиын өткізді. Өнім беруші кәсіпкерлердің қаржысы төлене ме? Тілшіміз Бексұлтан Бекпатшаның бейнематериалынан қараңыздар.
Өмір

































