Жылына 600 тонна шұбат. Күніне 1 тонна 700 келідей түйе сүті. Бұл Отырар мен Арыс қаласында өндірілетін ойсыл қараның өнімі. Осылайша Түркістан облысында түйе шаруашылығы өркендеп, тұрғындар өнім саудасын қыздырып жатыр. Еліміздің әр өңірінде үлкен сұранысқа ие өнімдер «Желмая», «Маяқұм» аттарымен сатылымға шыққан. Бұл Отырар ауданында орналасқан Маяқұм цехы. Мұнда 1200 бас аналық түйе бар. Түйе басын 2010 жылы Түркия мемлекетінен арнайы алдырған. Олардан жылына 600 тоннадай шұбат өндіріледі. Бүгінде өнімдері еліміздің бірнеше облысында сатылымға шығуда. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Қарағанды, Орал қаласы. Сондай ақ, Атырау аймағымен жұмыс жасамақ ниетте. НҰРСҰЛТАН АХАЕВ – «САРЫАҒАШ» СТК ТӨРАҒАСЫ - Қазір бізде түйе бағатын адамдар табыла бермейді. Оңай емес жұмыстары. Сондықтан біз күш көп ұстайды. Сауынды дойны аппараттар қойып, сауынды аппаратпен саусақ деген неиттеміз. Соған жұмыс жасап жатырмыз. Жалпы цехтың өзінде 18 адам жұмыс істейді. Ал түйені сауу үшін 4 отбасыға арнайы жағдай жасалған. Мұндағы кейбір қоспалар мен қажетті құрылғылар Ресейден әкелінген. Күніне орта есеппен 1 тонна 700 келідей түйе сүті сауылады. НҰРСҰЛТАН АХАЕВ – «САРЫАҒАШ» СТК ТӨРАҒАСЫ - Төрт отбасы бар. Қораның басында ол кісілер. Үй жайы барлығы бар. Қамтамасыз етілген. Арыс қаласында 5 мыңға жуық түйе бар. Ал осы кәсіппен айналысатын шаруа қожалықтар саны 40-қа жуық. Қазіргі таңда Дермене ауылдық округінің өзінде 7 мың тоннаға жуық түйе сүті өндірілуде. НҰРЛЫБЕК БІЛӘЛБЕКОВ - АРЫС ҚАЛАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Былтырғы жылмен салыстырғанда өте жоғары мал шаруашылығынан. Былтыр өте қолайлы жыл болды. Өнімі де жақсы. Жалпы 40050 мыңдай уақ малымыз бар. Түйеміз бар 5 мыңға жуық. Ірі қарамыз бар, жылқымыз бар. Ата кәсіпті әлемге танытқысы келгендер ұлттық сусынға сұраныстың көптігін айтады. Шаруашылықты игергендер тәулігіне жеті мың литр шұбат мен қымыран өнімін өндіріп, саудалайды. Айта кетсем, мал шаруашылығының дамуында Түркістан облысы елімізде жетекші орында. Республика бойынша ірі қара мал санының 12, ұсақ малдың 21, жылқының 11 ал түйенің 14 пайызы өңірдің үлесінде. Сондай ақ, өңір ет экспортында Республикада алғашқылар қатарында.