Арыс пен Отырар ауданында түйе шаруашылығы дамып келеді

Жылына 600 тонна шұбат. Күніне 1 тонна 700 келідей түйе сүті. Бұл Отырар мен Арыс қаласында өндірілетін ойсыл қараның өнімі. Осылайша Түркістан облысында түйе шаруашылығы өркендеп, тұрғындар өнім саудасын қыздырып жатыр. Еліміздің әр өңірінде үлкен сұранысқа ие өнімдер «Желмая», «Маяқұм» аттарымен сатылымға шыққан.       Бұл Отырар ауданында орналасқан Маяқұм цехы. Мұнда 1200 бас аналық түйе бар. Түйе басын 2010 жылы Түркия мемлекетінен арнайы алдырған. Олардан жылына 600 тоннадай шұбат өндіріледі. Бүгінде өнімдері еліміздің бірнеше облысында сатылымға шығуда. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Қарағанды, Орал қаласы. Сондай ақ, Атырау аймағымен жұмыс жасамақ ниетте.  НҰРСҰЛТАН АХАЕВ – «САРЫАҒАШ» СТК ТӨРАҒАСЫ - Қазір бізде түйе бағатын адамдар табыла бермейді. Оңай емес жұмыстары. Сондықтан біз күш көп ұстайды. Сауынды дойны аппараттар қойып, сауынды аппаратпен саусақ деген неиттеміз. Соған жұмыс жасап жатырмыз.  Жалпы цехтың өзінде 18 адам жұмыс істейді. Ал түйені сауу үшін 4 отбасыға арнайы жағдай жасалған. Мұндағы кейбір қоспалар мен қажетті құрылғылар Ресейден әкелінген. Күніне орта есеппен 1 тонна 700 келідей түйе сүті сауылады.  НҰРСҰЛТАН АХАЕВ – «САРЫАҒАШ» СТК ТӨРАҒАСЫ - Төрт отбасы бар. Қораның басында ол кісілер. Үй жайы барлығы бар. Қамтамасыз етілген.  Арыс қаласында 5 мыңға жуық түйе бар. Ал осы кәсіппен айналысатын шаруа қожалықтар саны 40-қа жуық.  Қазіргі таңда Дермене ауылдық округінің өзінде 7 мың тоннаға жуық түйе сүті өндірілуде.  НҰРЛЫБЕК БІЛӘЛБЕКОВ - АРЫС ҚАЛАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Былтырғы жылмен салыстырғанда өте жоғары мал шаруашылығынан. Былтыр өте қолайлы жыл болды. Өнімі де жақсы. Жалпы 40050 мыңдай уақ малымыз бар. Түйеміз бар 5 мыңға жуық. Ірі қарамыз бар, жылқымыз бар.  Ата кәсіпті әлемге танытқысы келгендер ұлттық сусынға сұраныстың көптігін айтады. Шаруашылықты игергендер тәулігіне жеті мың литр шұбат мен қымыран өнімін өндіріп, саудалайды. Айта кетсем, мал шаруашылығының дамуында Түркістан облысы елімізде жетекші орында. Республика бойынша ірі қара мал санының 12, ұсақ малдың 21, жылқының 11 ал түйенің 14 пайызы өңірдің үлесінде. Сондай ақ, өңір ет экспортында Республикада алғашқылар қатарында.     

Читать источник turkistan.tv
«Алтын сақа» орталығына барды
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды