Кеше түнде Арыс қаласының орталық аудандық ауруханасына басына оқ тиіп жараланған ефрейтор Д.Т. түскен. Науқастың жағдайы тұрақты, ауыр. Мұны Qumash арнасы хабарлады. Аурухананың бас дәрігері бұл өз-өзіне қол жұмсау әрекеті екенін айтқан. Ал Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша әзірге түсініктеме бермеді.