Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Арыстықтар күз-көктемде тал егуді әдетке айналдыруда. Қазан-қараша айынан бері Арыс қаласында өтіп жатқан сенбіліктер мен жаңа отырғызылған тал-дарақтар соның дәлелі. Бүгінде Арыс қаласында орналасқан «Жасыл-Арыс» КММ-нің мамандары Жер анаға желектен жүзік тағып, қаланың жасылға орануына үлес қосуда. Бұл жолғы экологиялық акция Арыс – Шардара айналма жол бойында жалғасты. Мамандардың бір бөлігі ағаш отырғызатын орынды дайындап, мәре-сәре болып жатса, екінші топ жерге тігілген жас шыбықтарды суарып, бұрынырақ отырғызылған талдардың түбін қопсытып, діңін әктеп жатты. Мамандардың айтуынша, тіршілік көзі тал тамырына жетіп тұрса, жаз шыққанша жайнап шығуы тиіс.  Игі шара тек қала көлемінде ғана емес, ауылдық округтерде, мекеме-мектеп аулаларында да жалғасуда. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова шаһарды көгалдандыру мен абаттандыру ісіне ерекше назар аударып келеді. Бүгінгі таңда өз үйі іргесін, тұрғылықты көшесін абаттандырамын деген арыстық тұрғындарға әкімдік тарапынан көшеттер де үлестірілуде. Жалпы, жоспар бойынша биылғы күзгі ағаш отырғызу маусымына Арыс қаласы мен ауылдық округ аумағында 25000 көшет отырғызу жоспарланып, жұмыс жүріп жатыр.  Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысына қарасты барлық аудандар мен ауылдарды жасыл желекке айналдыруға тапсырма берген еді. Осыған орай Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің тұқымбақтарында өсірілген ағаш көшеттері қарастырылып, егілуде. Оның ішінде қарағаш, үйеңкі, шаған, айлант, акация, туя, арша, шынар және тағы басқа ағаштар бар.   

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды