Арыста тағы бір жаңа білім ордасы ашылды

Арыста 70 балаға арналған жекеменшік мектеп ашылды. Қала орталығында орналасқан жаңа оқу ордасында 1-4 сынып оқушыларына ағылшын тілі мен орыс тілі және информатика пәндері тереңдетіліп оқытылады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Болашақ» мектебінің салтанатты ашылуына қала басшысы Гүлжан Құрманбекова мен қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жауапты мамандары, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. –Қаламызда ашылып отырған жаңа мектебіміз – баланың жан-жақты дамып, ой-өрісінің кеңеюіне жол ашады. Ұл-қыздарымыз сапалы білім алуы үшін оларға мейлінше қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарымыз әлі де жалғасын табатын болады. Білім беру ісіне белсенді атсалысып жатқан кәсіпкерлеріміз бен саланың жауапты мамандарына алғысымды білдіремін, – деді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған 5 кабинет пен акт залы және асхана бар. Жаңа оқу ордасының ерекшелігі сол – мұнда балалар бір ғана ауысыммен оқиды, ал бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды. Шара аясында білім ордасының негізін қалаған Дариға Қажымұқанқызы көпшілікке және ата-аналарға білікті де білімді мамандардан құралған ұжымды таныстырып, мұнда балалардың жан-жақт білім алуына барлық жағдайдың жасалғанын айтты.      

Читать источник turkistan.tv
«Алтын сақа» орталығына барды
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды