Арыстағы әскери бөлім аумағында газдан уланып 3 адам қайтыс болды. Оқиға кәріз жүйесін тазалау жұмысын жүргізу кезінде болған көрінеді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 1 жұмысшы абайсызда құдыққа құлап кеткен. Ал оған көмекке барған 2 әскери мен 2 азамат жағдайының нашарлауына байланысты жоғарыға шыға алмаған. Салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. «Бүгін, 2024 жылғы 5 шілдеде, […]