Арыс адам танымастай өзгереді. Тоғыз жолдың торабында тұрған шаһарда құрылыс, сауда мен инвестиция көлемі артқан. Қаланың бюджеттік түсімі 133,3 пайызға ал, жалпы өңірлік өнім көлемі 122,7 пайызға өсті дейді мамандар. Сондай-ақ әлеуметтік салада да тың өзгерістер бар. Әлеуеті мен ажары артқан қала туралы Алтынбек Әмит баяндайды. Арыс қаласы үшін биылғы жыл жемісті болды. Әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі артты. Мәселен, “Мубарак агро” ЖШС 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашты. Сондай-ақ 120 га жерге жаңбырлатып суару технологиясы орнатылып, оны 500 гектарға көбейтуді жоспарлауда дейді мамандар. Одан өзге балық шаруашылығына да басымдық берілген. ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА – АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - Дермене елді мекенінде “ DERMENE AGRO GROUP” ЖШС 30 мыңнан астам “сазан” тұқымдас шабақ өсіріп, балық шаруашылығын дамытып отыр. Жеке кәсіпкер Сракулова Айгул Ешкілі көлінде балық өсіріп, 75 тонна балық өндіруді жоспарлауда.“FIRST FISH COMPANY” ЖШС Көксарай №1, №2 учаскесінде кәсіпшілік балық аулауды қолға алып балық өсіруде. Арыста атқарылатын оңды істің бірі мұнай өнімдерін өңдейтін зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Кәсіпорын жылына 50 мың тонна мұнай өңдеуге қауқарлы. Жоба құны 110 млрд. теңге. Өнеркәсіп орны 100-ден аса тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА – АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - 2022 жылға АИ-92 автокөлік бензині, дизель отыны, синтетикалық майлар (нитрол, автол, транспорматор, автокөлік майлары, т.б.) парафин, жолға арналған битум шығаратын құрал-жабдықтарды орнату жоспарлануда Айта кетейік, Арыс теміржол торабының ең үлкен шоғырланған жері. Сондықтан мұнда кез-келген кәсіп көзін ашу тиімді. Қазірдің өзінде қалада 20-ға жуық ірі зауыттар мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Шаһар басшысы ел экономикасына үлес қосатын жұмыстары одан әрі жанданатынын жеткізді.