Арыстың әкімі 9 айды қорытындылады

Арыс адам танымастай өзгереді. Тоғыз жолдың торабында тұрған шаһарда құрылыс, сауда мен инвестиция көлемі артқан. Қаланың бюджеттік түсімі 133,3 пайызға ал, жалпы өңірлік өнім көлемі 122,7 пайызға өсті дейді мамандар. Сондай-ақ әлеуметтік салада да тың өзгерістер бар. Әлеуеті мен ажары артқан қала туралы Алтынбек Әмит баяндайды.  Арыс қаласы үшін биылғы жыл жемісті болды. Әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі артты. Мәселен, “Мубарак агро” ЖШС 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашты. Сондай-ақ 120 га жерге жаңбырлатып суару технологиясы орнатылып, оны 500 гектарға көбейтуді жоспарлауда дейді мамандар. Одан өзге балық шаруашылығына да басымдық берілген. ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА – АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - Дермене елді мекенінде “ DERMENE AGRO GROUP” ЖШС 30 мыңнан астам “сазан” тұқымдас шабақ өсіріп, балық шаруашылығын дамытып отыр. Жеке кәсіпкер Сракулова Айгул Ешкілі көлінде балық өсіріп, 75 тонна балық өндіруді жоспарлауда.“FIRST FISH COMPANY” ЖШС Көксарай №1, №2 учаскесінде кәсіпшілік балық аулауды қолға алып балық өсіруде.  Арыста атқарылатын оңды істің бірі мұнай өнімдерін өңдейтін  зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Кәсіпорын жылына 50 мың тонна мұнай өңдеуге қауқарлы. Жоба құны 110 млрд. теңге. Өнеркәсіп орны 100-ден аса тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтуды көздеп отыр.  ГҮЛЖАН ҚҰРМАНБЕКОВА – АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - 2022 жылға АИ-92 автокөлік бензині, дизель отыны, синтетикалық майлар (нитрол, автол, транспорматор, автокөлік майлары, т.б.) парафин, жолға арналған битум шығаратын құрал-жабдықтарды орнату жоспарлануда Айта кетейік, Арыс теміржол торабының ең үлкен шоғырланған жері. Сондықтан мұнда кез-келген кәсіп көзін ашу тиімді. Қазірдің өзінде қалада 20-ға жуық ірі зауыттар мен кәсіпорындар жұмыс істейді. Шаһар басшысы ел экономикасына үлес қосатын жұмыстары одан әрі жанданатынын жеткізді.   

Читать источник turkistan.tv
Күн күрт суытады
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды