Жақында ғана Абай ауданына өткен Асар шағынауданында ұлы той. Әз наурыз мерекесінде жиналған халықтың қарасы қалың. Оюлы шапан, бүрмелі көйлек киген тұрғындар дәстүр бойынша бір біріне ыстық ықыласын білдіріп, мәз-мейрам күйге енді. Мерекенің көркін әжелер ансамблі қыздырды. Олар қала тұрғындарына арнап ұлттық дәм-тұзын ұсынып қана қоймай, Ұлыстың ұлы күнінде ән айтып, би биледі. Мерекеде қол […]