Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскери қызметке шақыру кезіндегі проблемалық мәселелер белсенді талқылануда. Елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылатыны (Конституцияның 36-бабы) белгілі. Жыл сайын Қазақстан Президенті азаматтарды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге шақыруын жариялайды. Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес […]