Банктер армияда мерзімді борышын өткеріп жүрген сарбаздардың несиелерін тоқтатады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.Аталған келісім мерзімді қызметтегі сарбаздарға қаржылық міндеттемелері бойынша ай сайынғы төлемдерін 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қызмет өткеру кезеңінде кредиторлар берешекті өндіріп алу бойынша сотқа істер және нотариусқа өтініштер беруді тоқтатады. Еліміздің барлық өңірінің әскерге жинау пунктілерінде әскерге шақырылушыларда кредиттер […]