Қорғаныс минситрлігі елімізде әскерге тіркеу электронды түрде жүргізілетінін хабарлады. Жоба 2024 жылдан бастап egov.kz және «еGov» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Яғни, 17 жасқа толған азаматтың құжаттары, денсаулығы туралы мәліметтер Қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі. Бұл шешім әскери комиссариаттардың алдындағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан арылу мақсатында қабылданып отыр.