Еліміздің әскери гарнизондарында 825 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған бөлімдерінде заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау бойынша соталды тергеу басталды. 8 қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұны бас әскери прокуратура хабарлады. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізеді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланған жоқ. Шынар Оразова