Енді әскери зейнеткерлер жеткілікті шегіне қарамастан, зейнетақы жинақтарының 50 пайызын ала алады. Мәселен, сарбаздың жинағында 3 миллион теңге болса, мемлекет берген бағыт бойынша 1,5 миллион теңгесін пайдалануға құқы бар. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты. Оның сөзінше, 2030 жылға дейінгі тұжырымдамада зейнетақы жүйесін жетілдіру көзделген. Әрі сарбаздарға қатысты әлеуметтік кодекс […]